«Мықты болған дұрыс»: Бельгиялақтар асырап алған Жәнібек күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: жеке парақшасынан

Бельгиялық Жәнібек аталып кеткен Мұрат Савелиев Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды ozgeris.info.

Жәнібектің айтуынша, биыл қуантқан, мұңайтқан сәттер де болған, бірақ оны мазалайтын жалғыз сұрақ: «Анашым, қайдасың?»

«Кейде менен неге анамды немесе отбасымды тапқым келетінін сұрайтындар бар, бұл сұрақтың жауабы түсінікті деп ойлаймын. Адамға өмірді бірге сүретін анасы, әкесі, аға-інісі, қарындас-әпкесі болуы керек қой. Бөлек қалып, жылап жүрмей, бірге жүріп, мықты болған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, ата-анаммен, аға-қарындаспен бірге Жаңа жыл мерекесін тойласам, керемет емес пе? Менің жаңа жылдық сыйлығым — өздеріңіз, бұл сөзсіз!», — деп жазды ол.