«Мұрагерліктен айырмақ болған»: 93 жастағы миллиардерді балалары сериалдың көмегімен сотта жеңіп шықты

93 жастағы миллиардер Руперт Мёрдок $22 млрд болатын отбасылық қорын (траст) тек үлкен ұлына қалдырмақ болған, бірақ кіші балалары оны сотқа беріп, «Мұрагерлер» сериалының арқасында жеңіске жеткен.

93 жастағы медиа-магнат және миллиардер Руперт Мёрдок өзінің $22 млрд болатын отбасылық трастын басқару құқығын тек үлкен ұлына беруді жоспарлаған. Алайда кіші балалары бұл шешіммен келіспей, әкесіне қарсы іс қозғап, жеңіске жетті.

Бұл жағдайды ерекше еткен нәрсе – кіші балалары сотқа танымал «Мұрагерлер» («Succession») сериалының желісімен дайындалған. Олар сериалдың сюжеті мен кейіпкерлердің стратегияларын пайдаланып, өз құқықтарын қорғау үшін заңгерлермен бірге нақты жоспар құрған.

Мёрдок үлкен ұлына басқаруды тапсыру арқылы өзінің медиа-империясын тек бір адамның қолына шоғырландырғысы келді. Бірақ кіші балалары мұндай шешімді әділетсіз деп санап, отбасылық трасттағы өз құқықтарын сақтап қалды.

Сот процесінде кіші балалардың адвокаттары трастты тең басқарудың маңыздылығын дәлелдеді және мұндай активтерді бір адамның иелігіне беру тәуекелдерге әкелетінін көрсетті. Сот шешімі бойынша, енді барлық балалар трастты басқаруға тең құқыққа ие болды.