DOPE SOZ YouTube арнасындағы подкастта Руслан Тай атты комик «өтірік патриотизм» туралы өлеңін оқып берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өлеңінде ол ата-бабасын мақтан тұтатын, ұлы деп санайтын қазақтарды «құр патриот» атап, бұл артқа бұрған саясат екенін айтып өтті:
Құр патриот, жалаң ұлтшыл, ауыз Ислам ұстамы,
Лапылдаған қазақисттер елдің нағыз дұшпаны.
Оянудың, тыпырлаудың, жыбырлаудың орнына
Ата-баба хикаясы жүрегіне құшқаны.Ата-баба хикаясы, бар бабасы ұлылар,
Барлығының жүрегінде сақалындай түгі бар.
Ақиқатты түсініп қойған данышпандар шетінен
Ақырғанда любой жауды тыштыратын жыны бар.Әр бабасы бар қазақты мойындаған батыры
Тірі пенде жете алмастай іліп қойған сатыны.
Бәрі болған үйлерінде Сүлеймендей сұлтандар,
Айтқан сөзін екі етпейтін қызы менен қатыны.Сол қазақтың ұрпағымын деп шіренеді соқыр ел
Шіренем деп қаншама жыл бір орында отыр ел.
Жақсысы мен жаманымды айтпаса егер жайысап,
Мұны, досым, тарих емес, артқа бұрған саясат дейді.
«Сорлы халық ұлы екем деп, қиялында жүрсін» деп
Жасалатын құрал, біреу жату үшін май асап.
ПІКІР ЖАЗУ