«Мүгедек» деп көк қағаз береді»: Танымал әнші ерекше бала бағып отырғанын айтып, көпшілікке үндеу жасады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Белгілі әнші Жасұлан Базарбай желідегі парақшасында жан сырын ақтарды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Менің қызым — аутист. Ол сөйлемейді. Бірақ ән айтады. Ешкім үйде орысша сөйлемейді, алайда ол ұнаған әнін кез келген тілде – мейлі ағылшынша, мейлі кәрісше болсын – нақышына келтіріп орындайды. Бұл – мен үшін күн сайын таңғажайып құбылыс. Себебі, ол ән арқылы өзін білдіреді. Өз эмоциясын, ішкі әлемін сыртқа шығарады. Қарапайым бала емес. Ерекше бала. Дарынды. Терең сезетін. Тек әлеммен байланыс тәсілі басқаша, деп жазды ол.

Әнші бүгінгі күні аутист балаларды зерттеумен айналысып жүргенін айтты. Сондай-ақ аутизмнің ауру емес екенін түсіндіре кетті.

Қазір мен осындай балаларды зерттеп жүрмін. Көп ата-анамен сөйлесем, олардың балалары да сөйлемесе де, сурет салады, музыка сезінеді, сандармен ойнайды. Біздің қоғам мұндай баланы көрсе, ең алдымен “мүгедек” деп көк қағаз береді. “Ауру” деп аят қылады. Бірақ бұл дұрыс емес.

Аутизм – ауру емес. Бұл — ерекше даму жолы. Бұл балалар – мүгедек емес, дарынды. Олар шындықты басқаша сезінеді, оны айту үшін қалыпты тілді емес, музыка, сурет, қозғалыс, дыбыс сияқты ішкі тетіктерін қолданады.

Қоғам қашан түсінеді екен — аутист балалар біз ойлағандай әлсіз емес. Олар бізден де тереңірек, пәк әрі тазарақ әлемде өмір сүреді. Оларға жанашырлық емес, түсіністік, қабылдау, және ең бастысы — мүмкіндік керек, деп түйіндеді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Zhassulan BAZARBAY (@jbazarbaev)


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л