«Моншада қыздарды сатқан»: Көкшетауда 19 жастағы бойжеткен жеңгетайлықпен айналысқан

Фото: Pixabay.com

Көкшетаудағы монша кешенінде әкімші болып жұмыс істеген 19 жастағы қыз ақылы түрде жыныстық қызмет көрсететін қыздарды клиенттерге ұсынғаны үшін сотталды. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ozgeris.info сайты.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушының кінәсі тінту кезінде алынған айғақтармен, жасырын тергеу материалдарымен, сондай-ақ бейнебақылау камераларындағы жазбалармен дәлелденді. Куәгерлер де оған қарсы жауап берген.

«Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын және оның орташа ауырлықтағы қылмыс жасағанын ескерді. Үкім бойынша К.-ға 2 жыл 6 ай шартты мерзім тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді», – деп хабарлады сот.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит