Әлеуметтік желіде той кезінде жігіттің үстіне мінгесе билеген қыздың әрекеті жұрттың ашуына тиді. Оған қоса ойын барысында бойжеткеннің көйлегі жыртылып, күлкінің астында қалды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Келеңсіз жағдайдан кейін асаба ойынды тоқтатып, оқиғаны әзілмен жуып-шаймақ болды.
Бейнежазбаны көрген оқырмандар асабаның әрекетін сынап, түрлі пікірлер жазды.
«Тойдын сәнін бүлдіріп,құрып кетсін мұндай той. Осыны билетіп тұрған асабаны жазалау керек. Мөңке әулиенің айтқаны келіп тұр ғой, Қазақтың қыздары ар-ұят дегеннен жұрдай болды ғой. Ақыр заман болғанда су тартылар. Қарап тұрған жігітке қыз артылар деген қазақта. Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді деп бекер айтпайды. Сосын қыздар ойнап жүріп от басады. Қызға қырық жерден тыйым салу керек. Тойларда асабаларға тыйым салып, айыппұл салу керек. Келеңсіз, көргенсіз ойын ұйымдастырған асабаға. Сонда тәртіп болады», — деп жазды желі пайдаланушыларының бірі.
ПІКІР ЖАЗУ