Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында ер адам бұрынғы әйелін асқанайуандықпен өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Atyrau Online Telegram каналының мәліметінше, оқиға жергілікті ауруханалардың бірінде болған. Ер адамның экс-әйелі мұнда адвокат болып жұмыс істейді.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған адам – Шоқпартоғай ауылының тұрғыны. Қылмыс жасап, қашып кетпек болған, бірақ оны аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру кезінде ұстаған.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары қылмыстың себептерін, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Марқұмның артында екі баласы қалды.
Белгілі болғандай, қайғылы оқиға 27 наурыз күні түскі уақытта әйел адам кабинетінде жалғыз қалғанкезде болған. Кенеттен оның бұрынғы күйеуі кіріп келіп, оған пышақпен шабуыл жасаған.
«Ол құтқаруын өтініп, айқайлады… Қызметкерлердің бірі оны қанға боялып жатқан кезде ғана көрген. Оның мойынынан фонтан болып қан атқылап жатты», — деп жазды аталмыш басылым.
Оқиға орнына дәрігерлер мен полицейлер дереу жеткен, бірақ олар құтқара алмаған, әйел адам алған жарақатынан қайтыс болды.
Редакция осы тұста облыстық Полиция департаментінен оқиғаға қатысты ресми хабарлама жолдадық.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру