Министр Әлназарова Кәрім Мәсімовтің руына қатысты сұраққа жауап берді

Коллаж: Ozgeris.Info

Бүгін Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәжілісінде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұрынғы ҰҚК басшысы кәрім Мәсімовтың руына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Өйткені бұған дейін дәрігер Арай Төлемісова Кәрім Мәсімовтің ұйғыр емес, қазақ екенін айтқан. Ол емделушісінің медициналық картасындағы мәліметтерге сүйенген.

«Мен ол подкасты көрген жоқпын. Қосымша ақпарат айтайық. Медициналық құжаттарда рудың жазылуына байланысты ешқандай шарт жоқ. Сондықтан қосымша ақпарат беру керек болса, жібереміз», – дейді Ақмарал Әлназарова.

Айта кетейік, былтыр сәуір айында Астана соты Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора