Миллионер Украинада тамақ таба алмай, қаңғып жүр (видео)

Бірнеше жыл бұрын кедей отбасынан шығып, өз еңбегімен миллионер атанған, ТМД бұқаралық ақпарат құралдарын дақпыртымен шулатқан түркіменстандық Бердімұрат Бегменов Украинада қаңғып жүр, деп хабарлайды «ozgeris.info» «turkystan.kz»-ке сілтеме жасап.

Бизнесмен кейінгі жылдары Украинада кәсібін дөңгелетіп жүрген. Ол ерекше киім үлгілерін әзірлеп, сауда-саттықпен шұғылданады. Мысалы, Б. Бегменов құрған компанияның 2021 жылғы қаржы айналымы 2 млн долларға жеткен. Оның бұдан бөлек басқа да табыс көздері бар.

Өкінішке қарай, оның бұл байлығы қазіргі сәтте ештеңеге жарамай қалды. Себебі ол Ресейдің Украинаға шабуылы басталған сәтте елден шыға алмай қалған. Бастапқыда Киев қаласындағы әуежайда уақыт өткізсе, кейін қала тұрғындарымен бірге метрода түнеп шыққан. Миллионер өзінің әрбір қадамын әлеуметтік желіде жазып отыр.

Ол соңғы рет интернетке осыдан 23 сағат бұрын шыққан еді. Сол кезден бері одан ешқандай хабар болмады. Тек кейін өзінің Украина шекарасына жақын жерде қаңғып жүрген сәтінен видео жариялады.

Ол әлдебір үйдің алдында өзге де азаматтармен бірге бір бөлке нанды бөлісіп жеп отырғанын айтты.

«Достар, жейтін ештеңе жоқ. Нан мен су ғана таптық. Жолда асхана да, кафе де жұмыс істемейді. Құдайдың бергенін талғажау етіп отырмыз. Абай болыңыздар!» – деді ол.

 

 «ozgeris.info»


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!