Метапневмовирус қаншалықты қауіпті?

Фото: shutterstock

Метапневмовирус елеулі қауіп төндірмейді, деп мәлімдеді ДДҰ-да.

ДДҰ өкілі Маргарет Харрис Қытайда мұндай инфекциялар санының артуы маусымдық болжамдарға сәйкес келетінін хабарлады. Оның айтуынша, адамның метапневмовирусы жаңа немесе елеулі қауіп төндірмейді.

Ол алғаш рет 2001 жылы анықталған және «халық арасында көптен бері таралып келеді». Харрис бұл вирустың әдетте суық тиюге ұқсас симптомдарды тудыратынын, бірақ басқа респираторлық инфекциялар сияқты иммунитеті әлсіреген пациенттерде, сәбилер мен егде жастағы адамдарда одан да ауыр болуы мүмкін екенін түсіндірді.

Өлім-жітім туралы сұраққа жауап бере отырып, доктор Харрис бұл көрсеткіш «өте төмен» екенін атап өтті.