«Металға өткізбек болған»: Батырлар аллеясының маңдайшаларын ұрлағандар ұсталды

Алматыда Батырлар аллеясының маңдайшаларын ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

4 наурызда полицияға 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Батырлар аллеясының тұғырынан екі әріп пен 13 маңдайшаның ұрланғаны туралы арыз келіп түскен.

«Ұрылар бірден анықталды. Күдіктілер – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты ауылдардың бірінің 3 тұрғыны. Жастары 25-26-да. Қылмыскерлер ұсталып, қамауға алынды. Олар шойын маңдайшалар мен әріптерді қабылдау пунктіне өткізу үшін ұрлап кеткендерін мойындады. Біз ұрланған мүліктің сатылу бағытын жедел анықтап, ұрланған заттарды сатып алуға қатысы бар тағы үш айыпталушыны анықтадық. Олар да сол ауылдың тұрғындары. Соңғы орын – Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Бекмаханов көшесі бойындағы металл қабылдау пункті. Батырлар Аллеясынан алынған әріптер мен маңдайшаларды ерітуге дайындаған, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л