«Мені қорқыта алмайсыңдар!». Жұлдыз Әбдікәрімова қаскүнемдерге жауап берді

inst/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің Instagram-аккаунтын бұзамын деп қорқытқан шабуылшыларға жауап қайтарды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Актриса «Түркістан — Алматы» рейсінде болған кезде, ол бұл туралы қонғаннан кейін ғана білген.

Шабуыл жасалғаны туралы хабарды алған соң, Абдікәрімова дереу өзінің командасымен байланысқа шығып, қол жеткізу тез арада қалпына келтірілді.

«Кеше Түркістаннан Алматыға ұшаққа отырғанда бәрі тыныш еді. Бір жарым сағат әуе жолда интернет болмайтыны түсінікті. Жерге қонған бойда хабарлама келді:«10 аккаунттан шағым түсіріліп, сіздің инстапарақшағыз бұғатталды»-деген.Мен шұғыл командама хабарласып, парақшаны қайтаруды тапсырдым.Бұл біз үшін қиын емес. Бұған дейін маған анонимді түрде талай шабуылдар жасалған. Әсіресе, соңғы уақытта.

❗️ЕСКЕРТЕМІН❗️
Мұндай әрекетпен мені қорқыта алмайсыздар! Инстаграмнан басқа YouTube, Facebook, TikTok, Telegram, одан қалса ресми БАҚ, телеарналар мен сайт басылымдары бар екенін ұмытпағайсыздар!

ШАБУЫЛ ЖАСАУШЫЛАРҒА ресми шағым түсіріліп, мән-жай анықталуда.Осыдан кейін екінші парақша ашамын деп шештім. Барлығын алдағы уақытта хабарлаймын.Ал СОТ мәселесіне келсек, соңына дейін баратынымды қайталап айтамын. Ешқандай лауазымды, билік басындағы адамдардың араласуы мені тоқтатпайды! Сондай-ақ бірінші, екінші отырыста қаралмаған дәлелдер үшін де жауап талап етемін!»,-деп мәлімдеді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)