Танымал блогер Айжан Байзақова оқырмандарына үндеу жасап, көшеде танымал адам көріп қалса құшақтамауын өтінді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Айжан Байзақова Instagram-дағы парақшасы арқылы оқырмандарымен байланысқа шықты.
“Мені көріп қалған жағдайда құшақтамаңыздаршы. Өтініп сұраймын. Мен сізді білмеймін. Сосын күні бойы өзімді жаман сезінемін. Ішкі жан дүниеме әсер етеді. Рұқсатсыз басқа адамға саусақ тигізуге де болмайды. Тіпті игі ниетпен құшақтағыңыз келсе де, рұқсатсыз олай жасауға болмайды. Бұл жолды өзім таңдағанымды жақсы білемін. Менімен сөйлесуге болады. Бірақ маған тиіспеңіздерші», – деді Байзақова.
Сонымен қатар балаларды да бетінен сүйіп құшақтамау керегін ескертті.
“Одан кейін балаларды да өзі рұқсат етпейінше құшақтап, бетінен сүймеңізші. Тек менің балаларымды ғана емес, барлық баланы құшақтамаңыз. Кейде өз балаларымды құшақтау үшін рұқсат сұраймын. Өйткені олардың да жеке шекарасы сақталуы керек. Рұқсатсыз құшақтау немесе сүю жеке шекараны бұзғанмен бірдей”, – деді блогер.
ПІКІР ЖАЗУ