Белгілі сыншы, әдебиеттанушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлы биыл әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алған оңтүстіккореялық жазушы Хан Гангтың шығармашылығы туралы пікір білдіріп, замандас қаламгерлерді әлеуметтік желідегі жел сөзге ере бергенше осындай дүниелер жазуға үндеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«РОМАН ӨТЕ ШЕБЕР ЖАЗЫЛҒАН»
Қош. Сонымен 2024 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы менен екі жас кіші замандасым оңтүстіккореялық жазушы Хан Ганға бұйырды. Осыдан сегіз жыл бұрын 2016 жылы ол «Ет жемейтін әйел» романы үшін Букер сыйлығын алған еді. Жаңалықты ести салысымен Литрес Книги сайтынан Хан Ганның екі кітабын «Человеческие поступки» (Адамдық әрекеттер) және «Вегетарианка» (Ет жемейтін әйел) тауып алып, түні бойы ұйықтамай оқып шықтым. Бұл жолғы Нобель сыйлығы өз иесін тауып, лайықты жазушыға берілген екен, – дейді әдебиеттанушы.
Амангелді Кеңшілікұлының айтуынша, «Ет жемейтін әйел» (бұған дейін «Вегетариан» деп аударылған еді – ред.) романы өте шебер жазылған.
ПІКІР ЖАЗУ