Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан «US OPEN» турнирі аясында аустралиялық Дестани Айаваны жеңіп кеткеннен кейін кішігірім сұқбат берді. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сіз жаңа бапкерлік құрам жасақтадыңыз. Енді Юрий Щукинмен жұмыс істейсіз, солай ма?
— Ойын алдында біраз сөйлесіп алдық. Үлкен қолдау алып жатырмын. Командам менің тарапымда екеніне қуаныштымын. Алғашқы айналымда өнер көрсету өте қиын. Менің жарыс кезінде қолданған әдістерім маған сет-пойнтты сақтап қалуға көмектесті. Жарысқа келіп, қолдау білдіргендеріңіз үшін рақмет, достар
Сіз « WTA 500″ категориясы бойынша үш титулдың жеңімпазы және «WTA 1000» категориясының екі финалында жеңіске жеттіңіз. Теннистік мансабыңызда ең үлкен жетістігіңізге жақындап келе жатқаныңыз сезіле ме?
— Бұл жыл мен үшін қиын болды. Қазіргі таңдағы жетістіктерім үшін қуанамын. Әр ойында барымды салып өнер көрсетемін. Алғашқы айналымда жақсы нәтиже көрсеткеніме қуаныштымын. Бұл турнирдің соңына дейін бара аламын деп ойлаймын
Айта кетейік, Рыбакинаның келесі айналымдағы қарсыласы француздық теннисші Джессика Понше болмақ.
ПІКІР ЖАЗУ