«Мен сіздерге живой примермін». Ерке Есмахан өз кеңестерімен бөлісті

instagram/erke_esmahan

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан күйеуі RaiM әртісінің Алматыдағы табысты концертінен кейін өз жанкүйерлеріне жүгінді. Ерке өз Instagram-да отбасы еңбегінің ақталғанын атап өтіп, күйеуінің табысқа жетуіне қуаныш білдіріп, концертті «жаңа деңгей» дейді, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Мен не байқадым? Кеше ерінбей барлық жерде жазылып жатқан концерт туралы пікірлерді бір шолып, оқып шығуға тырыстым. Концертті тек «жақсы өтті» деп қоймай, «жаңа уровень» деген сөзді халық көп жазыпты. Риза болдым жолдасым үшін. Еңбегі ақталды, мақсаты орындалды. Шүкір! Бірақ, байқағаным ол емес. Байқағаным, біздің жұбымызды, жанұямызды жақсы көретін адамдардың көбейгендігі. Бұрынғыдай қабылдай алмау, шеңберден шықпау деген түсінік жоқ. Еркектің сөзіне, жасына емес, жасаған ісіне мән беруді түсініпті. Ал, әйелдің әдемілігі мен ақылдылығы ұштасса, бәрі керемет болатынын жазыпты. Бұрынғыдай жаман пікір, хейт жоқтың қасы. Бақыт тілеп, сүйсініп, батасын беріп жатқандар өте көп. Дегенмен, арасынан табылады: өз өмірлеріне өкпелі, ауыр-ауыр сөздер жазып отыратындар немесе жеңіл мазаққа жақын адамдар. 1 жаман комментке бізді жақтап 10 жауап қайтарып отыратын жанашырларымыз да көп екен. Өз көзіммен оқып, көріп кәәәдімгідей гүл-гүл жайнап отыр ішім. Жандарым, мына жалған өмірге келеміз де кетеміз. Болмайтын нәрсеге уақыт құртпаңыздар. Фокус тек өзіңізде болсын. Ештеңеден қорықпай, өздеріңіздің бақыт, тыныштық, махаббаттарыңыз үшін күресіңіздер. Қиындау болып жатса, мені естеріңізге алыңыздар. Мен де бәріне бірден қол жеткізген жоқпын. Мен сіздерге живой примермін. Құшақтадым  Ақ көңіл, пәк сезіммен Ерке Есмахан»,- деп жазды Ерке.

instagram/stories/erke_esmahan

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом