«Мен сияқты қызға оның өзі аз»: Мәһрге үш бөлмелі пәтер сұраған блогер желіні шулатты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Желіде тендермен айналысатын блогер Аяулым Жаңабекованың мәҺрге қатысты айтқан сөзі тарады, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Мен мәҺрге кемінде үш бөлмелі пәтер сұраймын. Ол пәтер Алматының жоғарғы жағынан немесе Астананың сол жақ жағалауынан болуы керек. Өйткені мен оған лайықпын. Неге лайықпын? Себебі мен тендер арқылы миллиондаған ақша тауып отырмын. Миллионер қызға үш бөлмелі пәтердің өзі аз», — деді блогер.

Желі қолданушылары блогердің бұл пікіріне жаппай қарсы шықты. Оның ішінде Абай Бегейдің әйелі Фариза да бар.

«Миллиондап ақша тапсаң бірдеуден сұрамай-ақ өзің ала бермейсің бе?», «Сен жігітіңе алып бер сол пәтерді», «Өтірік, көк тиының жоқ. Бар болса өзің алар едің», «Осыған көнетін жігіт тап енді», «МәҺрді ойыншық қылмаңдаршы!», — деп жазды олар.