YouTube желісіндегі «Обожаю» арнасында журналист Асхат Ниязовтың облыс әкімімен сұхбаты жарияланды. Жүргізуші әкімнен қаланың дамып, кеңейіп жатқанымен, сумен қамту жағдайының неге мұндай күйге жеткенін сұрады, деп жазады «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
«Дұрыс айтасыз, жалпы қала құрылысының ережелері ресурстардың жылдам қарқынмен дамуын талап етеді. Өкінішке қарай, біздегі жағдай осындай болды. (…) Кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ. Біз бәріміз кінәліміз, қазіргі кезде облыстағы су тапшылығына мен кінәлімін, өйткені мен тұрғындардың қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмаймын, егер осыны естігіңіз келсе… Кезінде сәтсіздік те, көптеген фактор да болды. Ал мынау кінәлі деп, олай айтуға болмайды», — деді Нұрлан Ноғаев.
фото: Нұрлан Ноғаев пен Асхат Ниязов. Видеодан кадр: youtube.com/@obozhau
ПІКІР ЖАЗУ