«Мен бұны жәй қалдырмаймын»: Қан-жоса болған әзілкеш Нұрболханның ФОТОсы тарады

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов Instagram-дағы парақшасында қан-жоса болған суретін жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Оның айтуынша, көптен бері әлеуметтік желіге шықпай қоюының себебі бар.

«Инстаграмға шықпай қоюымның себебі осы. Мен бұны жәй қалдырмаймын. Соңына дейін барамын», — деп жазды ол.

Желідегі суретке қарағанда әзілкешке әлдекімдер шабуыл жасаған.

Алайда Нұрболхан Шарапов мән жайды толық баяндамады.