«Мемлекеттік төңкеріс жасаған» түркиялық уағызшы көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

Түркия билігі мемлекеттік төңкеріс жасады деп айыптаған діни лидер Фетхуллах Гүлен қайтыс болды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Түркияда террорис деп таныған FETÖ ұйымының уағызшысы және негізін қалаушы Фетхуллах Гүлен көз жұмды.

Бұған дейін Гүлен Американың Пенсильвания штатында тұрды. Алдын ала мәлімет бойынша, соңғы жылдары уағызшының денсаулығы айтарлықтай нашарлаған.

Гүлен әлемдегі ең ірі діни қоғамдық ұйымның бірін басқарды. Ол басқаратын «Хизмет» қозғалысы 150 елде мыңға жуық білім орнын қаржыландырып отыр.

Ердоған бұған дейін Гүлен қозғалысын өзін қаралауға ұмтылғанын, 2013 жылғы коррупциялық тергеу кезінде өзіне жақын бірнеше серігін айыптауға тырысқанын айтқан. Бұл тексерістен шу шығып, үкімет көптеген прокурорлар мен жоғары лауазымды шенеуніктерді қызметінен босатқан еді.

АҚПАРАТ ORDA.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...