🇰🇿🇰🇷 Мемлекет басшысы KIA корпорациясының президенті Хо-сунг Сонгты қабылдады

Мемлекет басшысы автоөнеркәсіпті дамытуды Қазақстан Республикасының индустриялық саясатының негізгі бағыттарының бірі деп атады.

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайда ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталатын толық циклді автомобиль шығаратын зауыт құрылысының барысы туралы айтты.

Жобаны жүзеге асыру үшін 90 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 70 мың автомобильді құрайды, оның ішінде 50 мың автомобиль шағын агрегатты құрастыру әдісімен шығарылады, яғни жергілікті қамту үлесі жоғары.

Хо-сунг Сонг сонымен қатар автомобиль бөлшектерінің жаһандық жеткізушілерін тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…