Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде білім беру ұйымдарында шектеулер алынды, — деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ең алдымен, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға қойылатын талаптар алынып тасталды.
Сонымен қатар, күн сайынғы «кіру» сүзгісіне (жанаспайтын термометрмен термометрия) қойылатын талаптар алынды.
Ashyq-ты пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрия жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір «қызыл» аймаққа ауысқан кезде меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және күн сайынғы кіру сүзгісін (жанаспайтын термометрмен термометрия) жүргізу қамтамасыз етіледі.
Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының осы қаулыға қайшы келмейтін бөлігіндегі талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етіледі.
Осы қаулының орындалуын бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова өз бақылауына қалдырады.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
ozgeris.info порталы
ПІКІР ЖАЗУ