Мектепте орамал тағуға қатысты Жоғарғы соттың шешімі шықты

Жоғарғы сот мектепте орамал тағу мәселесіне нүкте қойды. Бұл туралы құқық қорғаушы Жаслан Айтмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұған дейін оқу-ағарту министрі мектепке тек формамен келу керектігін айтқан.

Себебі оқушылардың бірыңғай формасына қатысты нақты бұйрық бар. Соның салдарынан былтыр орамал тағатын жүздеген бала мектепке бармай қойды. Осыдан кейін бір топ құқық қорғаушы осы шектеудің заңсыз екенін дәлелдеуге кірісті.

«Жоғарғы сот мұндай шектеулер балалардың білім алу құқығын бұзады деген шешім шығарды», — деп жазды адвокат Жаслан Айтмағанбетов өзінің парақшасында.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі осы ақпаратты растады.

«Шешім қабылданды. Қаулы 10 жұмыс күні ішінде шығарылады», — деді баспасөз қызметі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!