Мексика Нуево-Леон штатында сайлау алдындағы митинк кезінде сахна құлауының кесірінен 9 адам қаза тапты, соның ішінде бір бала бар. Және 50 адам ауыр жарақат алды.
Оқиға “Азаматтық қозғалыс” партиясының президенті Хорхе Альварес Майнес сахнаға сөз айтуға шыққан кезде орын алды. Оқиға Мексиканың Нуево-Леон штатының Сан-Педро-Гарса-Гарсия қаласында орын алды.
Майнестің өзі ешқандай жарақат алмады, бірақ оның айтуынша, оның тобындағы бірнеше адам ауыр жарақат алған.
Сахна құлауының себебі қатты желден болды.
ПІКІР ЖАЗУ