Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Беспаевтың әйелі Мархабат Беспаева көше сыпырып, құстың ұясын тазалап жүр.
Соңғы кезде мегажұлдыздың әйелі жеке парақшасын белсенді жүргізіп, оқырмандарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан.
“Үйдің тұңғышы болғасын бүкіл тірлік мойныңда болатыны рас. Әр қазақ отбасында кенже бала ерке болады. Менің өзімнен кейінгі сіңлім үйде тірлік істемеген. Екеуміздің арамыз –10 жас. Анам үнемі мені жұмсайтын. Даланың жұмыстарын жақсы істеймін”, – деп бала күнін еске алды.
Видеоға мән берсек, әншінің жары көше сыпырып, құстың ұясын тазалап жүр. Ал сіңлісі Салтанат әткеншек теуіп ойнап отыр.
Желі қолданушылары да видеоның астына түрлі пікір қалдырып жатыр. Бірі “сіңліңізді жұмсап үйретіңіз” десе, екінші тарап “тұңғыш бала бүкіл тірлікті істеуі керек” деп бала кездерін айтты.
Мархабаттың өзі оқырмандарына әзіл үшін түсірілген видео екенін жазып ақталып жатыр.
Айта кетейік, 10 жылдан бері тек жақындары үшін ғана парақша ашқан Мархабат Беспаева кейінгі уақытта сүйікті ісімен айналысып, желіні белсенді қолданып жүр. Өзінің айтуынша бала күннен бері армандаған интерьер-дизайнер мамандығын жақында оқып бітірген.
ПІКІР ЖАЗУ