«Медбикенің ерекше функциясы – науқасқа немесе
сау адамға денсаулықты сақтауға немесе қалпына
келтіруге көмектесетін іс-шараларды жүргізуге
көмектесу, егер ол үшін қажетті күш, ерік-жігермен
білім болса, өзін-өзі қамтамасыз ете алады»
Вирджиния Хендерсон
Мейірім мекені әр адамға әр түрлі елестейді. Әр адам қиналған сәтінде мейірім, пана іздейтіні белгілі. Тәні мен жаны ауырып, емханаға келген адамның көп жағдайда мейірім мекені -медбике болатыны сөзсіз. Медбике жай мамандық емес, үлкен өмірлік тәжірибені, ұстамды мінез бен жігерді ұштастырған ұлы іс. Медбикелік мамандықтың түп тамыры адамгершіліктің алтын қазығына қағылғандай көрінеді маған. Себебі әр түрлі тағдыр, сан алуан ауру, діңкелеткен дертпен алысқан адамға қажырлы қайратыңды танытып, өмірге шыңдау медбикелердің ешкім міндеттемеген, ешқандай заңда көрсетілмеген, бірақ атқаруға тиіс жұмысы. Мен өз мамандығымды, өмірімді жақсы көремін. Себебі мен медбикемін.
Өзіме тоқталайын. 1989 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келіп, Өскеменде өскен, Жамбыл облысына келін болып сіңген қазақтың қара қызымын. 1996 жылы 1-сыныпқа оқуға бардым. 2007 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп -гимназиясын аяқтадым. 2007 жылы Өскемен медициналық колледжіне «Ем-дом ісі» мамандығына оқуға түсіп, 2010 жылы «үздік» аяқтадым. 2010 жылы №1 Булатов атындағы балалар емханасында, «Ана мен бала» орталығында қызмет атқардым. 2012 жылы тұрмысқа шығып, сол жылы Астана қаласындағы №2 қалалық балалар ауруханасында, жансақтау бөлімінде медбике болып қызмет атқардым. 2015 жылдан бастап Тараз қалалық емханасында жансақтау бөлімінде, кейіннен қабылдау бөлімінде қызмет атқарудамын.
Бар өмірім отбасым мен жұмысыма арналуда. 3 ұлым, 1 қызым бар. Отбасым да менің жұмысыма асқан құрметпен қарайды. Ал жұмысымда жемісті тәжірибе қалыптасқан. Соның бір айғағы 2016 жылы облыстық «Үздік медбике» байқауынан 2-орын, 2023 жылы облыстық «Үздік медбике» байқауынан 3-орын иелендім. Мейірімнің мекені, мәртебелі мамандық медбикелік жұмыста әріптестеріме толағай табыстар мен биік шыңдар, адалдық пен адамгершілік тілеймін.
ПІКІР ЖАЗУ