Media Құрылтай 2024: Orda мен Ratel дискуссиясы

Фото: ozgeris.info

Алматыда БАҚ нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы «Media Құрылтай 2024» конференциясы өтті. Құрылтайдың мәселелерінің бірі «Авторлық құқық пен плагиат» мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Спикер ретінде журналист Дмитрий Шишкин, Ratel бас редакторы Марат Асипов, Orda бас редакторы Гүлнар Бажкенова, «Әділ сөз» қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, KURSIV.MEDIA бас редакторы Татьяна Трубачева мен сарапшы Айбар Олжаев қатысты.

Дмитрий Шишкин мен Марат Асипов жақында Гүлнар Бажкенованы плагиат үшін сотқа беріп, сотта жеңгендерін, бірақ оларға ақша төленбегенін айтты.

Сотты жеңдік, ақша төленбеді. Маған «ОRDA» кедей портал болғандықтан, ақша төленбей жатыр деп түсіндірді, — дейді Марат Асипов.

Гүлнар Бажкенова өз кінәсін мойындамайтынын, және сотты қалай жеңілгенін түсінбегенін айтты.

Шишкин «плагиат» деген материалды біз шетелдік БАҚ-тан алдық, аударманы Google автоматты түрде жасап берді. Ал Асиповтың материалын біз Sotreport.kz сайтынан көрдік, ол жерде материал Ratel.kz-тен алынғаны көрсетілмеген еді, — деді Бажкенова.

Orda Telegram арнасында «Orda Media-ның» барлық шоттары бұғатталғаны айтылды.