VIII шақырылым мәжілісінің депутаты Самат Нұртаза Ресей президенті Владимир Путиннің Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуіне алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Шынымды айтсам, мұндай кездесулер менің ішкі алаңдаушылығымды туғызады. 2021 жылдың желтоқсанындағы Санкт-Петербург кездесуінен кейін «Қантарлық оқиғалар» болды. Мен әрбір адам өзінің тікелей жұмысымен айналысуы және қазіргі кездегі ұстанымына сәйкес келуі тиіс екеніне сенімдімін», — деп жазды Самат Нұртаза өзінің Facebook-дағы парақшасында.
Мәжілісмен басқа бұрынғы президенттерді мысалға келтіріп, олар зейнеткер атанғаннан кейін саясатқа жоламағанын айтты.
«Мен Шушкевич немесе Кучма басқа елдердің президенттерімен «экс» мәртебесінде кездескенін көрген де емеспін. Шеварднадзе немесе Ақаев кеткеннен кейін саяси кездесулерде болғаны есімде жоқ. Неге біздің экс-басшымыз тыныш отыра алмайды? Бұл жыл сайынғы Мәскеуге ұшудың қажеті неде? Бәлкім, бұл әдет шығар? Кремльге мақұлдау үшін ұшу керек болған КСРО кезіндегі көп жылдық әдет пе? Дегенмен, Нұрсұлтан Әбішұлы — кеңес номенклатурасының адамы… оның үстіне ол жай ғана турист ретінде ұшса — ешкім сөз айтпас еді. Ал бұл әуежайдан шыға сала Жаңа-Огореваға, Путинге барды. Бірдеңе алаңдатып отыр. Шынын айтсам, шошынуды және толқуды қаламаймын… Халық арасында онсыз да түрлі әңгімелер жүруде, ал енді Мәскеуге барған соң қоғамда, тіпті ел басшылығында да кейбір инсинуациялар болуы мүмкін, олар өз кезегінде елдің тұтастығы мен тұрақтылығына кері әсерін тигізеді», — деді Самат Нұртаза.
ПІКІР ЖАЗУ