Марат Жыланбаевтың аузын тігіп тастағаны туралы ақпарат тарады

Жыланбаев қамауда отырып, жүгіре алмай қалғанын, аяғы тұсауланғанын айтып еді. Сотын жабық режимге ауыстырып тастаған судья әрекетіне қарсылық ретінде аузын тігіп тастағаны хабарланды.

Бұл адам (қателеспесем) митингке алғаш шыққан күні-ақ полиция сұхбат беріп тұрған жерінен жұлып әкетіп, бірден агрессивті түрде әрекет етті. Үйін торып, акцияларға шыққаны үшін изоляторға тоғытты. Ақыры қылмыстық іс қозғап, жабық режимде соттап жатыр.

Көп тереңдемей, болған оқиғаларды қарасақ, осыны көреміз. Бұл соттың астары бәріне мәлім деп ойлаймын. Ондай айыпқа кімнің саясатын қолдағаны, қандай саяси ұстанымда болғаны себеп болмауға тиіс. Жыланбаевтың зорлық-зомбылыққа, басқа да аяусыз әрекетке шақырғанын естіп, көрмедім. Бар болса, оны да пікірге жаза кетіңіз.

Гиннес, марафон сияқты дүниелерді айтып іш тартпай-ақ, жай ел азаматы ретінде де қарап көріңізші.

 

Манас Қайыртайұлы