Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Марат Әйтенов
Фото: forbes.kz

Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

15 шілде күні таңертең Астана соты Әйтеновтің бұрынғы жұбайына және олардың ортақ балаларына күш қолданғаны үшін 5 тәулікке қамалғанын хабарлаған.

Енді елорда полиция департаменті Марат Әйтеновке қатысты Дана Әтешоваға дене жарақатын салғаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, оның барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Сонымен қатар, әкімшілік соттың шешімімен азамат А. құқыққа қайшы әрекеттері үшін бес тәулік мерзімге қамауға алынды», — деп хабарлады Астана ПД.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Дана Әтешова Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Марат Әйтеновтің ағасы Мұрат Әйтенов оны және олардың ортақ балаларын үйден күшпен шығарғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әйел мен жас балаларды қорғау үшін құқық қорғау қызметкерлері тарапынан ешқандай шара қолданбаған.