Маңғыстаудағы жанжалдан кейін қаза тапқан ер адам туралы жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты ALASH.KZ сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 28 сәуір күні орын алған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жанжал салдарынан бір ер адам көз жұмған.
Оқиға әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін құқық қорғау органдарының назарын аудартты. Lada.kz тілшісі мән-жайды нақтылау үшін облыстық полиция департаментіне ресми сауал жолдаған.
Ведомствоның мәліметінше, адам өліміне байланысты бір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру