Маңғыстауда уланған оқушылар саны 140-тан асты

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында уланған оқушылар саны 141-ге жетті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Олардың 82-сі ауруханада емделуде, деп хабарлайды Lada.kz. Басылымның мәліметінше, дәрігерлер оқушылардың жағдайын толық бақылап отыр.

«43 бала үйде, 16 бала ауруханада бақылауда. Төсек жабдықтары мен дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры бар», — деп хабарлады Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.