Шақалақ Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы тұрғын үйлердің терезесінің алдынан табылған. Баланы таңертең уақытта сағат 09:30 шамасында тұрғындардың бірі байқаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған деректі растап, баланың анасы іздестіріліп жатқанын хабарлады, деп жазады kazinform.kz.
«Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анасы іздестіріліп жатыр. Сәби перзентханада жатыр», — делінген полиция таратқан хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру