Маңғыстау облысында жаңа туылған нәресте табылды

Егемен Қазақстан

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылында тұрғындардың бірі таңғы сағат 09:30 шамасында тұрғын үйдің терезесінің алдынан жаңа туған нәрестені тауып алған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Qazaq Today ақпарат порталына сілтеме жасай отырып.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен медицина мамандары шақыртылған. Нәресте бірден перзентханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Бүгінде сәбидің жағдайы тұрақты.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл деректі растады. Қазіргі уақытта нәрестенің анасын анықтау және табу бағытында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нәресте перзентханада дәрігерлердің бақылауында. Анасы іздестіріліп жатыр», — делінген полиция таратқан ресми мәлімдемеде.