«Мәңгүрт қазақтарға үлгі»: Қазақша айтқанды ғана түсінетін ит желіні жарды (ВИДЕО)

Фото: әлеуметтік желі

Желіде тек қазақша ән мен қазақ тілінде сөйлегендерді ұнататын Майлыбек есімді ит жұртшылықты сүйсіндірді. Иесінің айтуынша жануарға тек қазақ тілінде ғана нұсқау берсең ол орындайды. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Майлыбек – өзіне нұсқауларды тек қазақша айтса түсінетін және әндерді тек ана тілінде жақсы көретін нағыз қазақ иті. Иесі жануарды қалай кездестіргенінің өзі бір үлкен оқиға екенін айтады.

Майлыбектің қазіргі иесі онымен басқа тілде де сөйлесіп нұсқау беруге тырысқан. Алайда оны бұрынғы иелері кішкентайынан қазақ тіліне үйретіп қойғандықтан осы тілге ерекше тыңдап түсінгендей әрекеттер жасайды.

Қазір Майлыбектің қазіргі иесі де қазақ тілін мәдениетпен және дәстүрмен байланыста ұстай отырып, үйреніп жүр.

Иесінің айтуынша Майлыбек сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға да атсалысады. Ол “Таза қала” акциясына қатысып, бұтақтар жинауға көмектескен. Жануар еңбектің ауырлығын да түсінеді екен.

Майлыбектің иес оның видеоларын желіге саларда осыншалық танымалдылыққа ие болады деп ойламаса керек. Бір түнде жануарды милиондаған адам қарап, сүйіспеншілікке бөленген. Иесіне адал достығы мен қазақ тілін ерекше көретін иет жұртшылықты тәнтті етуде.

“Егерде иттер біздің ұстазымыз болса, біз қарапайым нәрселерге қуануды, ешқашан екіжүзді болмауды, адал болуды үйренетін едік”, – деді

“Қандай ақылды”, “Нағыз патриот Майлыбек”, “Орысша айтпаңыз бірден қазақша сөйлесіңіз бұл итпен”, “Қазақша сөйлегісі келмейтін мәңгүрт қазақтарға үлгі болатын ит”, – деп жазды көпшілік.