“Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері” бойынша Заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр.
Қаржы мониторинг агенттігінің субъектілері, яки әрбір қаржылық операциясы мұқият қадағаланатын мекемелердің тізімнен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын алып тастау туралы ұсыныспен келді заң жобасы.
«Бұл шешімге бірден қарсы шығып МӘМС/ОСМС Қаржы мониторинг агенттігінің субъектісі қатарынан шығармау керек, олардың қаржы айналымы мемлекеттік органның қатаң қадағалауында болуы керек деп Заңға нақты норма бердім. Жұмыс тобында қабылданды», — деп жазды Нартай Сәрсенғалиев.
Заңда мәдени құндылықтарды қолма ақшалай сатып алу (сату) құны 5 000 000 теңгеден асса және Қазақстан Республикасына әкелінетін, әкетілетін мәдени құндылықтардың құны 5 000 000 теңгеден асса ғана Қаржы мониторинг агенттігінің орбитасына кіріп мұқият тексеріледі деп көрсетілген.
Енді Қазақстанға әкелінетін және әкетілетін мәдени құндылығы бар заттардың құны 1 000 000 теңгеге тең немесе одан асса не шетел валютасына шаққанда 1000000 теңгеге тең немесе одан асатын болса және ақшалай сатып алынған (сатылған) мәдени құндылықтардың бағасы 1 000 000 теңгеге тең немесе одан асса не шетел валютасына шаққанда 1000000 теңгеге тең немесе одан асатын болса бүкіл операция қатаң тексерілетін болады.
Заңда цифрлық активтермен жасалатын операциялардың құны 5 000 000 теңгеден асса ол операцияларды Қаржы мониторингі агенттігі қатаң тексереді.
Енді цифрлық активтермен жасалатын операциялар 1 000 000 теңгеге тең немесе одан асса не шетел валютасына шаққанда 1000000 теңгеге тең немесе одан асатын болса бүкіл операция мемлекеттік органмен қатаң тексерілетін болады.
Аталған нормалар заң күшіне енгенде жүзеге асады.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру