«Махі шайдың жарнамасы»: KeshYou мен Snoop Dogg-тың жаңа бейнебаяны жұртқа жақпай қалды

Фото: Бейнебаяннан скриншот

Отандық шоу-бизнестің жұлдызды тобы KeshYou мен Snoop Dogg-тың бірлескен бейнебаяны жарыққа шықты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

YouTube платформасында өнер жұлдыздары «Forever Sunday» атты әнді жүктеді.

“Шоу-бизнес тарихындағы алғашқы әлемдік тректі KeshYou тобы жазды. Сіз де тарихтың бір бөлігі болып, бейнебаянды көріп шығыңыз”, – деп жазды продюсер Баян Мақсатқызы.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әлемдік хиттің ұнамағанын жарыса жазып жатыр.

“Сөздері түсініксіз екен”, “Жастарға ұнайтын шығар, маған ұнамады”, “Продюсерге атақ, әншіге ақша керек болды”, “Мархаба Сәби сөзін жазған әннің әлсіз болуы мүмкін емес”, “Махі шайдың жарнамасы болып кеткен”, “2008 жылы Snoop Dogg-тың әні осындай еді, ештеңе өзгертпеген”, “Енді Шымкент сырасын клипке түсіру қалды”, “Клип пен ән хит болады деп ойламаймын, бірақ шоу-бизнеске серпіліс әкелді”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.