Қазақтың күміс көмей әншісі Мәдина Ералиеваның жан құрбысы Ұлбосын өнер иесінің өлімі туралы тағы бір құпияны ашты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Оның дани құрбысы Ұлбосын апай аталған деректі «Жібек жолы» телеарнасындағы Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасында айтты.
«Соңғы барғаны ауыр тиді екеумізге де. Концерт болды үлкен, елдің бәрі жібермейді, автограф ала береді. Содан шайға бару керек болды, оған барған жоқ. Теңізге бардық, оған барсақ, құдайдың құдыреті шығар. Жалғыз аққу жүр екен. Бір-бірімізге қарап тұрып қалдық, сосын екеуміз екі жаққа қарай жүрдік. Іздедік, жұпсыз болуы мүмкін емес еді.
Үйге бардық, үйде көршілердің бәрі біледі. Үйде күтіп отырған. Екеуміз бір-бірімізге сөйлемейміз. Бәрі ұрысып қалдыңдар ма дейді, жоқ, бірақ ауыр тиді. Сол жолы мен бармай-ақ қояйық деп айтып едім. Содан не керек, мен таңертең кеткенде теңізге барып, қоштасамын деп айтпады. Оған дейін ол міндетті түрде теңіздің жағасына барып, 1-1,5 сағат жүріп, кетерде де сөйтетін. Сол жолы айтпады. Сосын мен үш күнге дейін сол жерге қайта-қайта барамын, жартастың астына. Үш күннен кейін қарасам, аққу төменде, қанаты жайылып жатыр екен. Жүгіріп түстім, сыңарын таптым деп, сүйінші сұрағым келді, көңілімде сондай сезім болды.
Үлкен кісі байқайды екен, қарағым, сен осыған келіп жүр ме едің деді. Содан мен Алматыға бардым, сол жолы жібергісі келмеді. Ол кезде телефон жоқ, билетке барайық деді, сосын Қызылордаға бірге жүр деді. Мен сол кезде аяғымнан жүре алмай қалғанмын, таяқпен жүрдім, мен айттым ұшақпен барайын, сендер хабарласып отырасыңдар деп. Мен 19-ы кеттім, 23-і күні бұлар жолға шықты. 23-і күні хабарласып, 24-іне билет алып, таңертең ұшатын болдық. 27-28-і күні хабарластым, 30-ы күні соңғы сапарға шығарып салуға тура келді. Сағат екіде келдік, сол күні өмірде болмаған, жапалақтап қар жауып тұрды», — деп еске алды әншінің құрбысы.
ПІКІР ЖАЗУ