Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің аудан тұрғындарымен есепті кездесуі жалғасуда. Кездесуге Қаратау ауданына қарасты Сайрам аумағының 350-ден аса тұрғыны қатысты.
Қала әкімі 2021 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылуы туралы баяндап, осы жылғы жоспарларды мәлімдеді.
Қаратау ауданында 265 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Шалғай орналасқан елдімекендердің өзекті мәселесі – инфрақұрылым. Өткен жылы 4 елдімекен ауыз сумен, 3 елдімекен электр және табиғи газбен қамтылды. Бұл жылы Қайнарбұлақ т/а, Асар-2 (2 кезек), Сайрам аумағында ауыз су құрылысы басталады. Ал, Қайнарбұлақ, Достық, Асар-2, Тұран шағын аудандарын электр энергиясымен қамту үшін құрылыс жұмыстары жүреді. Тассай, Тұран, Асар-2, Қайнарбұлақ тұрғын алабында табиғи газдың құрылысы басталады. Елдімекендердің инфрақұрылыммен толық қамтуылуы туралы аудан әкімі Р.Мүлкеманов баяндап берді.
Кездесуде тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, әрбіріне шаһар басшысы нақты жауаптар берді. Тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Жаңадан тағайындалған аудан әкіміне сәттілік тілеп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауды жүктеді.
ПІКІР ЖАЗУ