Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова балаларды әкесіз өсірудің қандай екенін айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушысы әншіден «Балаларды ер азаматсыз яғни әкесіз өсіру қиын емес пе? Алла қуат берсін», — деп сұраған.
Ал әнші оқырман сауалына жауап беріп, екі баласымен түскен суретін жариялады.
«Қиындатсаңыз, қиналасыз. Аллаға шүкір, маған қиын емес. Рахмет», — деп жауап берді Мөлдір Әуелбекова.
Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова сәтсіз аяқталған екінші некесі туралы бар шындықты баяндап берген болатын. Өнер иесі бүгінгі таңда екі некесінен екі бала тәрбиелеп отыр.
ПІКІР ЖАЗУ