«Мүгедек қызды соққыға жыққан»: Ақтауда 36 жастағы әйел мен жасөспірім арасында жанжал шықты

Әлеуметтік желіде әйел мен кәмелетке толмаған қыздың төбелесіп жатқаны түсірілген видео тарап жатыр.

Оқиға Ақтауда 34-шағын аудандағы №10 үйдің ауласында болған. Желіде жарияланған кадрларда әйел мен жасөспірімнің бір-бірінің шашын жұлып, тартып жатқанын көруге болады.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 17 қыркүйек күні сағат 18:28 шамасында көмек сұрап қоңырау түскенін хабарлады. Полицияға хабарласқан қала тұрғынының айтуынша, көршісі мүгедек қызын ұрған.

«Қоңырау шалған учаскелік инспекторлар фактіні растап, бөтеннің кәмелетке толмаған қызын ұрып-соққан 36 жастағы әйелге қатысты Кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі және 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді полиция.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…