VIP Clinic желісінің бас дәрігері Екатерина Круглик өз Telegram-арнасында видео жариялап, азиялықтар өз келбетіне ұялатындарын, өйткені олардың сыртқы бейнесі «славяндық беттерге» қарағанда «өнерге жақын емес» екенін айтты.
«Мысалы, азиялықтардағы жалпақ бет, сөзсіз, өнер тұрғысынан да, біздің славян келбетімізге қатысты да эстетикалық тұрғыдан мінсіз емес. Азиялықтардың өз көзқарасынан да солай. Сол себепті олар біз үшін әдеттен тыс аймақтарға көлем қосады — мысалы, төменгі қабаққа, яғни “doll eyes” техникасы. Бұл әдіс қабақтың рельефін айқындап, бет-әлпетке сәл сұлулық қосып, оны шамамен славян келбетіне жақындатуға бағытталған», — деді Екатерина.
Екатеринаның бұл пікірі жеке ой ғана емес: «пәтерді тек славяндарға жалға беремін» деген хабарландырулардан бөлек, Ресей президенттік полкіне кіру үшін міндетті түрде «славяндық келбет» болуы керек, себебі бұл сарбаздар «Ресейдің әлемдік бейнесін қалыптастырады».
ПІКІР ЖАЗУ