Астанада орналасқан, 2022 жылы ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтың қамауға алынғаннан кейін арнайы қызметтер көрсеткен зәулім сарайды аукционда сату мүмкін болмады. Бұл туралы eQazyna алаңының сайтында хабарланды.
Бағасы 1,8 млрд теңгеден басталған жылжымайтын мүлік нысанының аукционы бүгін, 25 ақпанда өтуі тиіс болған, алайда ол өтпеді.
Электронды сауда алаңындағы түсіндірмеде «Аукцион басталған кезде сату нысаны бойынша аукцион залында бірде-бір қатысушы тіркелмеген немесе қатысушылардың ешқайсысы бастапқы бағаны растамаған» делінген.
Бұған дейін «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС электронды сауда алаңы eQazyna-ға 2022 жылы ҰҚК таратқан суреттердегі Қарим Мәсімовтің үйіне ұқсас люкс сарайды лот ретінде орналастырған болатын.
Лот сипаттамасына сәйкес, жертөлесі бар тұрғын үй Астана қаласының Нұра ауданындағы Қараөткел ықшамауданы, Ерейментау көшесі, 1-ғимарат мекенжайында орналасқан.
Сарайштың бастапқы бағасы 1 883 338 958 теңге, кепілдік жарнасы 117 960 000 теңге деп белгіленген.
Жылжымайтын мүліктің сипаттамасы:
- Жалпы ауданы – 2877,7 ш.м
- Тұрғын ауданы – 347,2 ш.м
- №1 жер телімі – 0,9475 га
- №2 жер телімі – 0,2713 га (аумақты кеңейтеді)
Үймен бірге жиһаз, электронды құрылғылар, өнер туындылары мен сувенирлер де сатылымға қойылған.
ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қарим Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынды. 2023 жылы ол мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға әрекеттену, билікті асыра пайдалану және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
ПІКІР ЖАЗУ