«Мәміле аяқталған жоқ». Jusan Mobile «Транстелеком» үлесін сатып алу бойынша мәлімдеме жасады

exlibris.ru

Jusan Mobile бұрын Нурали Әлиевке тиесілі болған «Транстелеком» компаниясын сатып алуда, бірақ мәміле әлі аяқталған жоқ. Бұл туралы Informburo.kz сайтына Jusan Mobile баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта «Транстелеком» АҚ-қа қатысты мәміле аяқталған жоқ. Оның негізгі шарттары мен талаптары коммерциялық құпия болып табылады. Компания тек «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесіне Jusan Mobile АҚ-мен аффилирленген тұлғалар кіргенін растай алады», – делінген Jusan Mobile мәлімдемесінде.

Телекоммуникациялық компания барлық заңдық мәселелер реттелгеннен кейін мәміле туралы толық ақпарат беруге уәде етті.

KASE-де жарияланған құжатқа сәйкес, Jusan Mobile директорлар кеңесінен шығарылғандар:

  • Нурали Әлиев,
  • Дмитрий Покупателев,
  • Эльдар Гумаров,
  • Берік Өтемұрат.

Директорлар кеңесіне жаңадан сайланғандар:

  • Дмитрий Покупателев,
  • Қайрат Балықбаев,
  • Андрей Марченко,
  • Нұрлан Арынгазиев.

Дмитрий Покупателев директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Өзгерістерді ескере отырып, «Транстелеком» директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады.

Ақпан айында кәсіпкер Нурали Әлиев «Транстелеком» компаниясының акционерлері қатарынан шыққанын мәлімдеген еді.