Ұлыбритания Украинадан келген босқындарды панасына алғандарға ақша төлейді

Ұлыбритания үкіметі Украинадан келген босқындарды қабылдайтын жергілікті тұрғындарға, ұйымдар мен қауымдастықтарға айына 350 фунт стерлинг (456 доллар) төлейтін болады. Бұл туралы жексенбі күні британ министрлер кабинетінің сайтында жарияланған хабарламада айтылған.

Босқындарды қабылдаудың жаңа схемасы бойынша Ұлыбританияда туыстары тұрып жатқандар ғана емес, Украинаның барлық азаматтары елге кіру мүмкіндігіне ие болатынын атап өтті. Демеушілер деп аталатындар — жеке тұлғалар, қайырымдылық ұйымдары және қауымдастықтар украиндарға тікелей баспана ұсына алады немесе олардың жеке баспанасының ақысын төлей алады.

Демеушілер, өз кезегінде, кем дегенде алты ай мерзімге босқындарды қабылдауға міндеттеме алуы керек. 14 наурызда украиндық босқындарды паналағысы келетіндер өз ниеттерін ресми түрде құжаттай алатын веб-сайт ашылады деп жоспарлануда. Жаңа схема бойынша корольдікке кіре алған украиндықтар жұмысқа орналасу және мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігімен елде үш жыл тұру құқығына ие болады.


«Украинадағы дағдарыс бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Өйткені жүздеген мың жазықсыз адамдар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Олар жақсы көретіндердінің бәрін артта қалдырды. Мен барлық елдегі адамдарды ұлттық күш-жігерге қосылуға және украиналық достарымызға қолдау көрсетуге шақырамын. Біз одарға қауіпсіз баспана бере аламыз. Бұл өте қажет», — деді Ұлыбританияның тұрғын үй, аймақтық даму және жергілікті басқару жөніндегі мемлекеттік хатшысы Майкл Гове.

“ozgeris.info” порталы