Қор бағдарламасын іске асыруға тағы бір уәкілетті оператор қатысатын болды. Бұл туралы еліміздің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлайды.
«Енді оқу төлеміне арналған нысаналы жинақ төлемдерін алу үшін «Отбасы банкі» «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан бөлек, жуырда бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры келісімшарт жасасқан «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на жүгінуге болады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатына төлемдерді алу үшін «Отбасы банкі» «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жалғыз уәкілетті оператор болып қалады»,- делінген қордың Instagram парақшасында.
Айта кетсек, биыл 1 қаңтардан бастап 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдер «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасына қатысушы болды.
Балаларға жыл сайын инвестициялық кірісті қоса алғанда, нысаналы талаптар түрінде «Ұлттық қордан» қаражат есептеледі. 18 жасқа толған атаулы жинақтарды алушылар немесе олардың заңды өкілдері уәкілетті операторлардың біріне хабарласып, қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе оқу ақысын төлеуге пайдалана алады.
Фото: gov.kz
ПІКІР ЖАЗУ