Ұлттық банк доллардың қымбаттауына қатысты мәлімдеме жасады

Доллар
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық банк өкілдері доллар қымбаттауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Маусымның қорытындысы бойынша доллар бағамы көтеріліп, 1 доллар 471,84 теңге болды. Осылайша, теңге 5,5 пайызға әлсіреді.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа көлемі бір айда 251 миллион доллардан 183 миллион долларға дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі – 3,7 миллиард доллар.

«Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін маусымда 420 миллион доллар валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 11 пайызын және күніне 21 миллион доллар болды. Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30 пайыз деңгейінде ұстап тұру үшін маусымда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы – 293 миллион доллар», — деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк маусымда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ. Республикалық бюджетке трансферттер бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша 2024 жылғы шілдеде Ұлттық банк Ұлттық қордан 450 миллион доллардан 550 миллион долларға дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді.

2024 жылғы шілдеде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 250 миллион доллардан 350 миллион долларға дейін валюта сатып алынады деп жоспарланып отыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит