Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстаннан 300 мың білімді, қабілетті азаматтары көшіп кетті. Ал АҚШ-тың статистикаға сүйенсек, 2015 жылғы экономикалық 2,2 трлн доллар қаржы иммигранттардан түскен, — деді экономист Рахымбек Абдрахманов.
Бұл туралы «Ұлттар қалай брендке айналады және бұл мемлекет экономикасы мен оның азаматтары үшін қаншалықты маңызды?» атты тақырыбымен КАЗГЮУ студенттерімен кездесуде экономист Рахымбек Абдрахманов айтты. 17 наурызда қонақ дәрістері аясында Рахымбек Әбдірахманов өзінің «Ұлт қалай брендке айналады» атты кітабының тұсаукесерін өткізді.
Рахымбек Абдрахманов — Аuditoriumqz танымал ақпараттық-білім беру арнасының жүргізушісі, экономикалық, саяси-экономикалық және әлеуметтік жарияланымдардың, соның ішінде «Қазақстан 2020. Басқару Дағдарысы» әлеуметтік-экономикалық есебінің авторы.
Кітапта әр түрлі елдердің ұлттық брендтерінің пайда болуы және олардың мемлекет экономикасы мен оның азаматтарының әл-ауқаты үшін маңызы қарастырылады. Әлемдік саяси экономикаға қызықты және жаңа көзқарас оқырманды қазіргі ұлттардың тағдыры туралы ойлануға және жаһандық саяси аренадағы күштердің тепе-теңдігіне жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр етеді.
Автор өзінің «Ұлт қалай брендке айналады» кітабын студенттерге табыстады!
Амангелді Гүлжанат,
М.С Нәрікбаев атындағы
КАЗГЮУ университетінің
PR office қызметкері
ПІКІР ЖАЗУ