Құлсары қаласында үш жүзден астам кәсіпкер зардап шеккендер тізіліміне тіркелді

Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен 325 кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысының жедел штабы.

 

Қазір комиссия үш бағытта жұмыс істейді: тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша, жылжымайтын мүлік бойынша, жылжымалы мүлік пен жабдықтар бойынша залалды өтеу.

 

▪ ️ Тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша 135 өтініш берілді. Мамандар мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп өтемақы есептейді. 52 кәсіпкер сот сараптамасын алды.

 

▪ ️ Жылжымайтын мүлкі зақымдалған кәсіпкерлер саны қазіргі уақытта 137 нысанды құрайды, олардың 9-ы техникалық тексеруден өтеді.

 

▪ ️ 128 нысан бойынша дайын қорытындылар берілді. Оның ішінде 15 объект апатты деп танылды және бұзылуға жатады, 14 объекті күрделі жөндеуді талап етеді, 97 объекті ағымдағы жөндеуге жатады.

 

Зақымданған жылжымайтын мүлік жұмыстарына барлығы 12 компания және 57 бағалау және арнайы сараптама мамандары тартылды.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…