Лифтте балаға шабуыл: Астаналық зардап шеккен баланы қайта ауруханаға жатқызады

Depositphotos

Хирург Жандос Ахнаев Instagram-дағы жазбасында зардап шеккен баланың оңалудан өтіп жатқанын айтты. Оның жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық.

«Өкінішке қарай, жарақаттан кейін бетінде неврологиялық өзгерістер қалды: сол жақ көздің толық жабылмауы, мұрын-ерін үшбұрышының тегістелуі және ауыз бұрышының төмендеуі», – деді хирург.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне баланың қазіргі уақытта үйде екенін, ал сәуір айында оны Ұлттық балаларды оңалту орталығына жатқызу жоспарланғанын хабарлады.